"Қазақстан Халық Банкі "АҚ KZ2C00012482 (HSBKb22) "жасыл"
облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASEде листинг процедурасынан өтті
18.11.24 16:15
/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ
(Алматы) KZ2C00012482 "жасыл" облигациялары (1 000 теңге, 20,0 млрд
теңге; 3 жыл; өзгермелі жарты жылдық купон – TONIA Compounded +
тиянақталған маржа, маржа мөлшерлемесі облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
анықталатын болады; actual/365) негізгі алаңының "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2007 жылғы 22 маусымда
200,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Қазақстан Халық Банкі" АҚ үшінші
облигациялық бағдарламасы шегінде сегізінші болып табылады.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық
банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға HSBKb22 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-11-18]