18 қарашадан бастап KASE "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KASE_BM* KZ2C00002855 (HSBKb18) сериялы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

18.11.24 12:28
/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 қарашасынан бастап KASE негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның KZ2C00002855 (HSBKb18) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады. 2024 жылдың 18 қарашасынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 53 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-11-18]