"Қазақстан халық банкі" АҚ KZ2C00002855 (HSBKb18) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
18.11.24 10:00
/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 18 қарашадан
бастап "Қазақстан халық банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00002855
облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HSBKb18;
10 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 18.11.14 – 18.11.24, жартыжылдық купон,
жылдық 7,50%, 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2014 жылдың 10 қарашасынан бастап "Рейтингтік
бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің
негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық
2014 жылдың 21 қарашасынан бастап ашылды.
[2024-11-18]