KASE "Кселл" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді

15.11.24 16:57
/KASE, 15.11.24/ – 15 қарашада Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "Кселл" АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуін өткізді. Кездесу "Кселл" АҚ-ның 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелеріне арналды. Іс-шараға "Кселл" АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Сәбигат Рахметов және "Кселл"АҚ Бас коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Ольга Цой қатысты. Эмитент өкілдері "Кселл" АҚ-ның 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері туралы айтып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. [2024-11-15]