"аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010242 (MFAFb5) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

15.11.24 10:15
/KASE, 15.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 қарашасынан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010242 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb5; $100, 4 4,0 млн; 15.11.23 – 15.11.24; тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 23 қазанынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда 2023 жылдың 14 қарашасынан бастап ашылды. [2024-11-15]