KASE "ҚазТрансОйл" АҚ "Эмитент күнін" өткізді

14.11.24 16:33
/KASE, 14.11.24/ – 13 қарашада Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығының инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен онлайн кездесуін өткізді. Кездесу "ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылдың тоғыз айындағы қызметінің қорытындысына арналды. Іс-шараға бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, сондай-ақ "ҚазТрансОйл" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Эмитент өкілдері "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 2024 жылдың тоғыз айындағы өндірістік және қаржылық нәтижелері туралы айтып, компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша сұрақтарға жауап берді. [2024-11-14]