14 қарашадан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және дерекқорларында "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ KZ1C00000405 (TMLZ) жарияланған жай акцияларының саны туралы ақпарат өзгертілді

14.11.24 11:30
/KASE, 14.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және дерекқорларында "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ-тың KZ1C00000405 (KASE негізгі нарығы, "стандарт" санаты, TMLZ) жай акциялары бойынша келесі ақпараттың өзгертілгенін хабарлайды: - жарияланған жай акциялардың саны 1 560 000 данадан 11 560 000 данаға өзгертілді. Бұған дейін осы тақырыпта 2024 жылдың 14 қарашасындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасын енгізілген өзгертулермен тіркеді" деген KASE жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1532662/ [2024-11-14]