Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасын енгізілген өзгертулермен тіркеді

14.11.24 11:03
/KASE, 14.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ (Алматы) KASE-ге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 11 қарашасында тіркеген өзгертулері бар акциялар шығарылымының аңдатпасын және жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу туралы куәлігінің орнына берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - компанияның жарияланған акциялары санының артуына байланысты куәлік ауыстырылды; - шығарылым 11 560 000 KZ1C00000405 жай акцияларға бөлінген; - бір акцияның номиналды құны 1 000 теңге. Аталған акциялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/TMLZ/tmlzf9_izm_111124.pdf [2024-11-14]