/KASE, 14.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" СК" АҚ (Алматы)
2024 жылдың 21 қазанында өткен акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2023 жылғы дивидендтер бөлінбесін;
- компанияның 55 000 артықшылықты акциясы бір артықшылықты акцияға
бір жай акция есебінен жай акцияларға айырбасталсын;
- 2023 жылға артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленсін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SABR/sabr_special_shareholders_meeting_results_211024_2.pdf
[2024-11-14]