"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010234 (MFAFb4) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

14.11.24 09:44
/KASE, 14.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010234 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 14.11.23 – 14.11.24; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 23 қазанынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда 2023 жылдың 14 қарашасынан бастап ашылды. [2024-11-14]