"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00002301 (SKKZb10)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды
13.11.24 09:45
/KASE, 13.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
13 қарашасынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана) KZ2C00002301 облигациялары (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, SKKZb10; 1 000 теңге, 40,5 млрд теңге; 13.03.09 –
13.11.24, жылдық купон, жылдық 9,25%; 30/360) айналым мерзімінің
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2009 жылдың 13 наурызынан бастап "рейтингтік
бағалаусыз борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы
бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан
бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында
болды. Олармен сауда-саттық 2009 жылдың 18 наурызынан бастап ашылды.
[2024-11-13]