Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2252216937 (EBRDe12) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

12.11.24 10:45
/KASE, 12.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 қарашасынан бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2252216937 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe12; 80,0 млрд теңге, 12.11.20 – 12.11.24; қалқымалы жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 12,21%; actual/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2020 жылдың 12 қарашасынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бастап ашылды. [2024-11-12]