Freedom Holding Corp. 2025 қаржы жылының екінші тоқсанындағы нәтижелері туралы хабарлайды

11.11.24 17:43
/KASE, 11.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Freedom Holding Corp. (АҚШ) компаниясы KASE-ге жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Freedom Holding Corp. (FRHC) 2025 фискалдық жылғы ІІ тоқсанның қорытындысын шығарды, компания үшін ол 2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталды. Холдингтің түсімі 580,9 млн АҚШ долларын құрады. Оның 145,3 млн АҚШ долларына (33%-дан астам) өсуі мынадай факторларға байланысты болды: - Сақтандыру андеррайтингінен келіп түсетін кіріс негізінен зейнетақы аннуитеті және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарттар санының ұлғаюы есебінен 58 млн АҚШ долларынан 160,3 млн АҚШ долларына дейін (177%-дан астам) ұлғайды. - Сауда бағалы қағаздары бойынша таза пайда Қазақстанның тәуелсіз облигацияларын сату есебінен 50,8 млн АҚШ долларынан 68,3 млн АҚШ долларына дейін (35%-дан астам) өсті. Сондай-ақ, бағалы қағаздар бойынша позициялар құнының өсуіне байланысты сол кезеңдегі 65,9 млн АҚШ доллары көлеміндегі іске асырылмаған таза пайда танылды. - Шетел валютасымен жасалатын операциялар бойынша таза пайда таза шығынның 3,7 млн АҚШ долларынан таза пайданың 6,5 млн АҚШ долларына дейін (275%-дан жоғары) дейін ұлғайды. Бұл өзгеріс негізінен 16,9 млн АҚШ доллары мөлшерінде шетел валютасын сату мен сатып алудан келіп түскен пайдаға байланысты, ол 10,4 млн АҚШ доллары мөлшерінде қайта есептеуден болған шығынмен ішінара өтелді, сондай-ақ Freedom Bank-тің шетел валютасындағы операциялардың жалпы көлемінің екі тоқсанда 78%-ға ұлғаюы есебінен өтелді. - Комиссиялық кіріс негізінен брокерлік қызметтер есебінен 121,1 млн АҚШ долларына (8%-дан астам) дейін өсті. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемсесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/FRHC_KZ/frhc_kz_relizs_111124_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/FRHC_KZ/frhc_kz_relizs_081124_2024.pdf – орыс тілінде. [2024-11-11]