11 қарашадан бастап KASE-де бес атаудағы ETF бағалы қағаздарымен
сауда-саттық уақытша тоқтатылды
08.11.24 18:18
/KASE, 08.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қарашасынан
бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары бойынша
сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар
бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша
есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге
сәйкес келеді:
1. US4642872422 ("KASE Global" сектор, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment
Grade Corporate Bond ETF;
2. US4642885135 ("KASE Global" сектор HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield
Corporate Bond ETF;
3. US4642895118 ("KASE Global" сектор", IGLB_KZ) iShares 10+ Year
Investment Grade Corporate Bond ETF;
4. US78468R6633 ("қорлардың қағаздар" секторы, US_BIL_) SPDR
Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF.
5. US74347G4405 ("KASE Global" сектор BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy
ETF;
Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының"
13 бабының 12) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 желтоқсанында аталған
бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 желтоқсанынан
басталады.
[2024-11-08]