11 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum
Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
08.11.24 18:11
/KASE, 08.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қарашасынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
10 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Occidental
Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2024-11-08]