/KASE, 08.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 қарашасында ) "Бәйтерек
"Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00012698 (BTRKb17;
1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 16 ай; жарты жылдық купон; орналастыру
бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша
анықталады 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 08 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb17/
[2024-11-08]