ХАБАРЛАМА: 2024 жылдың 11 желтоқсанында KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

08.11.24 12:58
/KASE, 08.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) өз акционерлеріне KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу туралы хабарлайды. Жиналыс 2024 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10:00 – ден (мұнда және одан әрі – Астана қ. уақыты) Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат мекенжайы бойынша келесі күн тәртібімен өтеді: 1. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы. 2. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 3. "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының "Директорлар кеңесі мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау туралы", "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы" мәселесі бойынша шешіміне өзгерту енгізу туралы. 4. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 11 желтоқсанында сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жиналыс өткізілетін орын бойынша жүзеге асырылады. Кворум болмаған жағдайда Биржа акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2024 жылдың 12 желтоқсанында сағат 10:00-ден сол мекенжай бойынша өткізіледі, жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 12 желтоқсанында сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жиналыс өткізілетін орын бойынша жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқығы бар KASE акционерлерінің тізімі 2024 жылдың 10 желтоқсанында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады. Жиналысты өткізуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (727) 237 5343. Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-ресурсында Қолжетімді: - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111224_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111224.pdf – орыс тілінде. [2024-11-08]