KASE 08 қарашадан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" (Қазақстан)" АҚ KZ2P00008162 (MFOKb2) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

08.11.24 12:45
/KASE, 23.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап "Онлайн ҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ (Қазақстан) KZ2P00008162 (MFOKb2) облигацияларының негізгі корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын алаңының (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты (08 қараша – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні) алып тастады. 2024 жылдың 08 қарашасынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 54 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-11-08]