08 қарашадан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының бес шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілетін болады

07.11.24 17:22
/KASE, 07.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 08 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай дисконттық халықаралық облигациялары енгізілетін болады: 1) US912797LN52 (US144_2506; $46 969,0 млн; 13.06.24 – 12.06.25; actual/360); 2) US912797LW51 (US145_2507; $48 584,0 млн; 11.07.24 – 10.07.25; actual/360); 3) US912797MG92 (US146_2508; $49 683,0 млн; 08.08.24 – 07.08.25; actual/360); 4) US912797MH75 (US147_2509; $46 518,0 млн; 05.09.24 – 04.09.25; actual/360); 5) US912797MS31 (US148_2510; $50 995,0 млн; 03.10.24 – 02.10.25; actual/360). Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2024-11-07]