/KASE, 07.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2024 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына
мынадай түзетулер бекітілді:
- Мүшелік туралы қағидаға № 10 өзгертулер мен толықтырулар;
- Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар, кепілмен
қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға
№ 21 өзгерту.
Бұл түзетулер 2024 жылдың 05 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді.
Түзетулер ұйымдардың KASE мүшелігінің шарттары мен тәртібін
өзектендіру және оңтайландыру мақсатында енгізілді.
Мүшелік туралы қағидаға келесі негізгі өзгерістер енгізілді:
- "валюта", "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша АХҚО
қатысушы болып табылатын KASE мүшелігіне кандидаттарға
қойылатын талаптар нақтыланды;
- KASE мүшелігіне кандидаттарға және әр түрлі типтегі KASE қазіргі
мүшелеріне (резиденттер, шетелдік заңды тұлғалар және АХҚО
қатысушылары) қатысты KASE мүшесіне және/немесе оның
қатысушыларына/акционерлеріне/лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ
түпкілікті бенефициарларға қатысты санкциялық шектеулердің болмауы
бойынша талап енгізілді;
- нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді.
Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар, кепілмен
қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға мынадай негізгі
өзгертулер енгізілді:
- "валюталық" санаты бойынша АХҚО қатысушылары болып табылатын
KASE мүшелеріне мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік
алымдар белгіленді;
- нақтылау және редакциялық түзетулер енгізілді.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Мүшелік"
қалташасы).
[2024-11-07]