KASE листингілік комиссиясы "First Heartland Jusan Bank" АҚ
KZ2C00012706 (TSBNpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "жеке
орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
06.11.24 17:49
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы
(KASE) 2024 жылдың 06 қарашаында "First Heartland Jusan Bank" АҚ
(Алматы) KZ2C00012706 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге, 10 жыл; жарты
жылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға TSBNpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-11-06]