"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012698 (BTRKb17)
облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
06.11.24 17:37
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 06 қарашасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы
холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00012698 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 16 ай;
жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады;
30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңының
"облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 23 қазанында 1,5 трлн теңге
сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ тоғызыншы
облигациялық бағдарламасы шеңберінде 14-ші болып табылады.
Аталған облигацияларға BTRKb17 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-11-06]