07 қарашадан бастап "GoldFinMarket" Ломбард" ЖШС KZ2P00012214 (MFLGb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

06.11.24 17:33
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 07 қарашасынан бастап "GoldFinMarket" Ломбард" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012214 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb3; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 31.10.24 – 31.10.25; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-11-06]