АНОНС: 13 ҚАРАШАДА KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

06.11.24 16:41
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 13 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды. Кездесу тақырыбы "2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерге шолу". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00. Іс-шара спикерлері: - Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі; - Алмас Оңғарсынов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі. Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZYsceqprT0uGtBAECDrPkndIDquiwYzcX3t#/registration [2024-11-06]