"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

06.11.24 15:11
/KASE, 06.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің құрамынан өз бастамасы бойынша Т. Ж. Қуанышев шығарылғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Исатаев Т.Р., Өтемұратов А.Б., Попандопуло Ф.В., Тұяқбаев Е.Т. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_board_changes_311024_45640.pdf [2024-11-06]