KASE Басқармасы "Фридом Банк Қазақстан" АҚ KZ2C00012623 (FFBNb5) және KZ2C00012631 (FFBNb6) облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

06.11.24 12:26
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 05 қарашасында "Фридом Банк Қазақстан" АҚ (Алматы)келесі облигацияларының негізгі алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00012623 (1 000 теңге; 36,0 млрд теңге; 12 ай; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360), сауда- саттық код – FFBNb5; - KZ2C00012631 ($100, $50,0 млн; 12 ай; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360), сауда- саттық код – FFBNb6. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-11-06]