KASE Басқармасы "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ
облигацияларының үш шығарылымын негізгі алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады
06.11.24 11:52
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 05 қарашасында "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ
(Алматы) негізгі облигацияларының "облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне мынадай облигацияларды енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00012383 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 2 года; жылдық купон,
жылдық 12,50 %; 30/360), сауда-саттық код – KFUSb90;
2) KZ2C00012391 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 2 года; жылдық купон,
жылдық 12,50 %; 30/360), сауда-саттық код – KFUSb91;
3) KZ2C00012409 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 2 года, жылдық купон,
жылдық 12,50 %; 30/360), сауда-саттық код – KFUSb92.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-11-06]