Еуразиялық даму банкінің KZ2D00007671 (EABRb15) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
06.11.24 09:35
/KASE, 06.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
06 қарашасынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00007671
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb15;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 14.05.24 – 06.11.24; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 21 шілдесінен
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 16 мамырынан бастап
ашылды.
[2024-11-06]