06 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil
Corporation Company, Inc. US30231G1022 (XOM_KZ) акцияларының
сауда-саттығы тоқтатылды
05.11.24 16:29
/KASE, 05.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 қарашасынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
14 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Exxon Mobil
Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 қарашасынан
бастап қайта басталады.
[2024-11-05]