АНОНС: 15 ҚАРАШАДА KASE "КСЕЛЛ"АҚ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

05.11.24 12:00
/KASE, 05.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Кселл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды. Кездесу тақырыбы "Кселл" АҚ-ның 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелеріне шолу". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00. Іс-шара спикерлері: - Сәбиғат Рахметов, бас қаржы директоры, "Кселл" АҚ Басқарма мүшесі; - Ольга Цой, Бас коммерциялық директор, "Кселл" АҚ Басқарма мүшесі. Іс-шараға қатысу үшін мын сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZYvc- mvrT4vHNEEObx2q3G6P16UDfy3qZYU#/registration [2024-11-05]