Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008174 (EABRb25) облигациялары айналыv мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

05.11.24 09:15
/KASE, 05.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 қарашасынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008174 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb25; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 05.11.21 – 05.11.24; жылдық купон, жылдық 10,60%; 30/360) әлеуметтік облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 28 қазанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 23 ақпанынан бастап ашылды. [2024-11-05]