"ҚазТрансОйл" АҚ S&P Global Ratings агенттігі компанияның кредиттік рейтингіне шолу жариялағаны туралы хабарлайды

04.11.24 17:57
/KASE, 04.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылғы 31 Қазанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – S&P) "ҚазТрансОйл" АҚ (бұдан әрі – қоғам) кредиттік рейтингінің жыл сайынғы шолуын жариялады. S&P Қоғамның несиелік рейтингін "ВВ+" деңгейінде қолдауды жалғастыруда, болжам "Тұрақты". Негізгі артықшылықтардың ішінде S&P Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры жүйесінің ұлттық операторы ретіндегі қоғамның орнықты нарықтық ұстанымы мен маңызды рөлін, ең төменгі борыштық жүктемені және қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қолдаудың жоғары ықтималдығын айқындайды. S&P "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ рейтингінің деңгейімен шектелген "BB+" деңгейінде қоғамның меншікті кредит қабілеттілігінің бағасын сақтап қалды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылды https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_041124_9400.pdf [2024-11-04]