/KASE, 04.11.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 қарашасында "Интергаз
Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00012599 (INCApp6; 1 000 тенге, 18 734 415 000 теңге, 10 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360);
2) KZ2C00012607 (INCApp7; 1 000 тенге, 27 641 679 000 теңге, 10 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360);
3) KZ2C00012649 (INCApp8; 1 000 тенге, 9 911 759 000 теңге, 10 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 9,25 %;30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 04 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/issuers/INCA/
[2024-11-04]