"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2024 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелері туралы хабарлады

04.11.24 09:43
/KASE, 04.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылғы 01 қарашадағы баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2024 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды. 2023 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2024 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер: - Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 3,1%-ға өсіп, 18 047 мың тоннаны құрады; - Мұнай тасымалдау көлемі 6,4%-ға ұлғайып, 63 197 мың тоннаға жетті; - Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14 901 мың тоннамен салыстырғанда 14 122 мың тоннаны құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_011124_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_011124_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_011124_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-11-04]