04 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC. US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

01.11.24 17:42
/KASE, 01.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 қарашасынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, Alphabet INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 желтоқсанынан бастап қайта басталады. [2024-11-01]