"AGRIQA Азия" ЖШС KZ2P00012297 (AGQAb1) "жасыл" облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

01.11.24 16:43
/KASE, 01.11.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 қарашада "AGRIQA Азия" ЖШС (Түркістан облысы) KZ2P00012297 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 19,25%; 30/360) "жасыл" облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 26 қыркүйегінте тіркелген 10,0 млрд теңге сомасына "AGRIQA Азия" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. " AGRIQA Азия" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға AGQAb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "AGRIQA Азия" ЖШС қызметінің негізгі түрі-өңдеуші тамақ өнеркәсібі. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-11-01]