/KASE, 01.11.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған
01 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Бүгін "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі Банктің Басқарма төрағасы Бекжан
Пірматовтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін
қанағаттандырды. Бұрын Банктің Директорлар кеңесінің құрамына кірген
Талғат Қуанышев "ForteBank" АҚ Басқармасының жаңа төрағасы болып
тағайындалды. Бекжан Пірматов "Верный Капитал" компаниялар тобының
құрамында басқа жұмысқа ауысады.
***
Талғат Қуанышевтің Қазақстанның қаржы секторында 30 жылдық жұмыс
тәжірибесі бар. Ол "АТФБанк" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "АТФ Лизинг" АҚ
және "ForteBank"АҚ сияқты қаржы институттарын табысты басқарды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_011124_2.pdf
[2024-11-01]