/KASE, 01.11.24/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды
бағалау комитетінің 2024 жылдың 05 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті
тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу
коэффициенттері – анықталды.
Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың
қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.
------------------------------------------------------------------------------
2024 жылдың 05 қарашасынан бастап 2024 жылдың 05 қарашасына дейін
орналастыры- free шектеулі орналастыры- free шектеулі
Акциялар лған акциялар float коэф- лған акциялар float коэф-
коды саны (Fi),% фициент(Ri) саны (Fi),% фициент(Ri)
------------------------------------------------------------------------------
AIRA 353 475 987 41.4 1.0000000 355 934 448 42.0 1.0000000
CCBN 188 029 035 40.4 1.0000000 188 029 035 40.4 1.0000000
HSBK 10 904 634 859 30.5 0.3235583 10 908 249 099 30.5 0.3579103
KCEL 200 000 000 34.1 1.0000000 200 000 000 34.1 1.0000000
KEGC 275 291 564 15.0 1.0000000 275 291 564 15.0 1.0000000
KMGZ 610 119 493 2.5 1.0000000 610 119 493 3.0 0.9962024
KSPI 190 015 729 31.0 0.0705912 190 015 729 30.5 0.0643977
KZAP 259 356 608 25.0 0.1916049 259 356 608 25.0 0.2064471
KZTK 10 705 605 19.1 1.0000000 10 705 605 19.1 1.0000000
KZTO 384 627 463 10.0 1.0000000 384 627 701 10.0 1.0000000
------------------------------------------------------------------------------
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін
өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың
эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл
акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE
индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін
өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай
сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге
қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер
мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты
KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай
бойынша жарияланған.
Индекс беті
http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған.
Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4
таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p"
болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет
болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары:
AIRA - "Эйр Астана" АҚ; CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық
Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ "Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ
"Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл".
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі
жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты
негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның
орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр.
Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы
құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай
акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген,
акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық
деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды
инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың
саны ретінде KASE анықтайтын параметр.
Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға
дейін шектейтін, параметр.
[2024-11-01]