АҚ "Транстелеком" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

01.11.24 09:32
/KASE, 01.11.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Транстелеком" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 471 089 дана; - компанияның 5 638 097 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады: ------------------------------------------------------------------------------- Компанияның орналастырылған осы атаудағы Жай акциялар, акциялардың жалпы Атауы дана санындағы үлесі, % ------------------------------------------ ---------------- ------------------- "UNIT TELECOM" ЖШС 4 228 572 75,00 "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ 1 409 525 25,00 ------------------------------------------------------------------------------- [2024-11-01]