АҚ "Самұрық-Қазына Қоры" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
31.10.24 17:25
/KASE, 31.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "Самұрық-Қазына Қоры" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 500 000 000 дана;
- компанияның 3 481 968 821 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ болып табылады.
[2024-10-31]