/KASE, 31.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
01 қарашасынан бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің келесі
халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын
хабарлайды:
- US459058LA95 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы; IBRDe5; $5,0 млрд; 10.01.24 – 10.01.31; жарты жылдық купон,
жылдық 4,00 %; 30/360);
- US459058LF82 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы; IBRDe6; $3,0 млрд; 10.04.24 – 10.04.31; жарты жылдық купон,
жылдық 4,50 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ
доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/IBRD/
[2024-10-31]