/KASE, 31.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Каспий" тауар биржасы" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған
2024 жылдың 30 қазандағы баспасөз мәлімдемесінде блай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Каспий" тауар биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің 15.10.2024 жылғы
отырысында 2023 жылғы орнықты даму туралы бірінші есеп бекітілгенін
хабарлайды.
Тұрақты даму саласындағы "Каспий" тауар биржасы" АҚ-ның 2023 жылғы
есебі Биржаның орнықты даму саласындағы қызметінің мақсаттары,
нәтижелері мен перспективалары туралы хабардар ету мақсатында әртүрлі
мүдделі тараптарға жолданды.
Есеп жаһандық есеп беру бастамасының (GRI) стандарттарына, климатқа
байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі жұмыс тобының (TCFD)
ұсынымдарына және "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2021 жылғы
10 наурыздағы бекіткен бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамашыларының
ақпаратты ашу қағидаларына сәйкес дайындалды.
Есепте БҰҰ - ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу шеңберіндегі
орнықты даму саласындағы қызмет туралы ақпарат ашылады. Бұдан басқа,
Биржаның мүдделі тараптары мен бизнесі үшін елеулі маңызы бар өзге де
ақпарат пен мәліметтер ашылды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толыық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_301024_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_301024_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_301024_en.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-10-31]