"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

31.10.24 14:15
/KASE, 31.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE WELLFOOD CO., LTD (Сеул, Корея Республикасы) болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар. [2024-10-31]