KASE Лондонда Kazakhstan Equity capital Markets Day өткізді

31.10.24 12:20
/KASE, 31.10.24/ – 2024 жылдың 30 қазанында Қазақстан қор биржасы (KASE) Deutsche Bank қолдауымен Лондонда Kazakhstan Equity capital Markets Day конференциясын өткізді. Іс-шараға Deutsche Bank, KASE, қазақстандық "көгілдір фишкалар" эмитенттерінің, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен негізгі ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Лондонда орналасқан әлемнің жетекші компанияларының 130-дан астам өкілдері қатысты. Спикерлер макроэкономикалық трендтер, қор нарығын дамыту туралы өз көзқарастарымен бөлісті, Қазақстанның болашағы мен әлеуетін, негізгі инвестициялық мүмкіндіктерді және капитал нарығының өсуі мен оның әлемдік қаржы жүйесіне интеграциялануы туралы ұзақ мерзімді пайымдауды талқылады. Алина Алдамберген қор нарығының ағымдағы жай-күйі және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Ол атап өткендей, KASE бүгінде шетелдік компанияларға мүшелік мүмкіндігін ұсынады, бұл оларға қазақстандық бағалы қағаздар, валюта және туынды құралдар нарығында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы, бұл іс-шара қазақстандық үлестік капитал нарығын халықаралық аренада ілгерілетуге, сондай-ақ қазақстандық акциялар нарығына халықаралық инвесторларды тартуға бағытталған. [2024-10-31]