"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
31.10.24 11:51
/KASE, 31.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана;
- компанияның 166 639 957 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ"
АҚ болып табылады.
[2024-10-31]