"Марганец Жайрема" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
31.10.24 09:46
/KASE, 31.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Марганец Жайрема" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. болып табылады.
[2024-10-31]