Бүгін Қазақстан қор биржасында BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00012457 (BIGDb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі

31.10.24 09:09
/KASE, 31.10.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде BI Development Ltd жеке компаниясының (Астана) KZ2D00012457 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb1) облигацияларына төменде келтірілген шарттармен жазылу арқылы (Астана қ.уақыты) бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Аталған облигацияларға жазылуды жүргізудің бастамашысы "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. -------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2D00012457 KASE сауда-саттық коды: BIGDb1 Номиналды құны, теңге: 1 000 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 15 000 000 000 - орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Өтінім беру мерзімі: 2 жыл (720 күн) Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық база: 30 / 360 ------------------------------------- ------------------------------ Жазылым күні: 31.10.24 Орналастырылатын облигациялар саны, 15 000 000 000 теңге: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді және нарықтық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–14:30 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 31.10.24, 16:30 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 31.10.24, 16:30 уақыты: -------------------------------------------------------------------- Бірлескен андеррайтерлер - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ. Көрсетілген облигацияларды сатып алуға өтінімдерді бөлшек инвесторлар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резидент институционалдық инвесторлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес инвесторлары (бөлшек және институционалдық) беруге құқылы. Егер сұраным көлемі жазылу шеңберінде ұсынылған облигациялар көлемінен асып кетсе, онда берілген өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе ішінара) эмитенттің қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте кез келген өтінімді (толық немесе ішінара) қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде, басқалармен қатар, эмитент берілген өтінімнің көлемін және өтінімде көрсетілген бағаны (купонды) ескеретін болады. Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін беретін KASE брокерінің / мүшесінің атауы; 4) инвестор түрі (жеке немесе заңды тұлға). Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Есеп айырылсуларды Ббағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BIGDb1 [2024-10-31]