31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

30.10.24 15:05
/KASE, 30.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 31 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Ford Motor Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-10-30]