/KASE, 30.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың қараша
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы
акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері)
қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2024 жылдың 23 ққазанындағы шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2024 жылдың 01-30 қараша аралығында қолданылатын өтімділіктің
бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 61 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілді. 2024 жылдың қазан айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге
мыналар кірді:
1) Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 ("KASE Global" секторы,
QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары;
2) NIKE, Inc. US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акциялары;
3) Micron Technology, Inc. US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ)
жай акциялары;
4) Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" секторы,
VZ_KZ) жай акциялары;
5) The Select Sector SPDR Trust US81369Y8865 ("KASE Global" секторы,
XLU_KZ) ETF бағалы қағаздары.
2024 жылдың қазанында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класс
тізімінен мыналар шығарылды:
1) Starbucks Corporation US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ)
жай акциялары;
2) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ
KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", FHJIpc)
пайлары;
3) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акциялары.
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың қараша
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_nov.pdf
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың қазан
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_oct.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2024-10-30]