"КоЖаН" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
30.10.24 11:14
/KASE, 30.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "КоЖаН" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің
2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 11 748 046 дана;
- компанияның 10 748 046 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Матен Петролеум" АҚ болып табылады.
[2024-10-30]